20 мамыр 2015 12:17

ҰБТ-да гаджет қолданған түлектердің тестілеу қорытындысы жойылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sdat.com © sdat.com

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде гаждеттерді қолдану ҰБТ өткізу тәртібін бұзу болып есептеледі және тестілеу қорытындысын жоюға әкеп соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде гаждеттерді қолдану ҰБТ өткізу тәртібін бұзу болып есептеледі және тестілеу қорытындысын жоюға әкеп соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектеп түлегінен ҰБТ кезінде тыйым салынған заттар табылса, ол автоматты түрде аудиториядан шығарылып, тестілеу қорытындысы жойылады", - дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіндегілер. Сонымен қатар, ресми сауалға берілген жауапта жыл сайын 30-ға жуық тестілеу қорытындысының жойылатыны айтылған. Бұған дейін министрліктер, тыйымға қарамастан 2014 жылы ҰБТ пунктіне кіретін жерде тыйым салынған 30 мың заттың тәркіленгенін хабарлады.

"Ол түлектер сол жылы қорытынды аттестациялауға жіберілмейді және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігінен айырылады", - деп мәлімдейді комитеттегілер.

Tengrinews.kz сауалы соңғы кездері Интернетте кеңінен таралып жүрген микроқұлаққаптар жөнінде болды. Бұл құрылғыға қатысты пікір алу үшін Ішкі істер министрлігіне де хабарластық.

Ондағылар бізге арнайы техникалық құралдарды жасап шығару, өндіру, жөндеу мен сатудың лицензияланған қызмет түрі болып есептелетінін және ол жедел-іздестіру қызметінің субъектілері үшін ғана жүзеге асырылатынын айтты. Бұл саладағы лицензияларды ұлттық қауіпсіздік органдары береді.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, егер арнайы техникалық құралдар заңсыз жолмен дайындалып, өндіріліп, сатып алынса немесе сатылса және қолданылса қылмыстық жауапкершілікке тартудың тағайындалатыны (Қылмыстық кодекстің 399-бабы) айтылды.

"Арнайы техникалық құрал болып есептелетін микроқұлаққаптар мен өзге де гаджеттерге қатысты мәселе бойынша, ақпаратты жасырын түрде алу техникалық тексеруді талап етеді, осыған байланысты тиісті шаралар қолға алынды", - делінген сауалға берілген жауапта.

Сонымен қатар, министрліктегілер ҰБТ өтетін уақытта қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау бойынша тиісті шаралардың атқарылатынын жеткізді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ҰБТ өтетін орындарға, түлектер тұратын жерлер (ҰБТ тапсыруға алыс ауылдардан келгендер туралы - Авт.) мен соған жақын аймақтарға тәулік бойы күзет қойылады, сонымен қатар, ҰБТ өтетін орынға дейін түлектерді таситын көліктерге еріп жүру және оларды діттеген жерге дейін жеткізіп тастауды ұйымдастыру көзделген.

"ҰБТ өтетін кезде бұл мәселе қатаң бақылауға алынатын болады", - деп мәлімдейді министрліктегілер.

Таяуда Tengrinews.kz Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында мектеп түлегіне тестілеуден қажетті балды жинауға көмектесетін түрлі техникалық құрылғы сатушылардың Интернетте көбейгенін хабарлады. Кейін министрліктегілер ҰБТ-ның бизнеске айналғанын айтты.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2015 жылы 2-15 маусым аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети