07 маусым 2016 10:53

ҰБТ-да түлектерден алты мыңға жуық тыйым салынған зат табылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҰБТ-ның бесінші ағымының қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰБТ-ның бесінші ағымының қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 14 тестілеу пунктерінде өткізілген тестілеуге қатысуға өтініш жазған 6 339 түлектің 6 153-і тестілеуге қатысты (97 пайыз). ). Соның ішінде қазақ тілінде - 5 168, орыс тілінде - 985.
Мұнымен қатар, сынақтан өтушілерден тыйым салынған 5 948 зат алынған. Айта кетейік, 2015 жылы 7 548 зат алынған болатын. Ал орташа балл - 80,1 (өткен жылы 77,4 балл). Министрліктегілердің айтуынша, көрсеткіштің жақсаруы ҰБТ-ға жақсы дайындықтың нәтижесі екен.
Ал 50 балл шектік межесіне 1 121 түлек жете алмаған (18,2 пайыз). Ал 125 баллды бұл жолы ешкім алмапты. 100 баллдан жоғары алғандардың саны - 1 255 (20,3 пайыз).

Айта кетейік, ҰБТ қорытындысы www.testcenter.kz  сайтында тестілеу пунктерінде қорытындыларын шығарумен бір уақытта жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети