16 маусым 2016 17:55

ҰБТ-дан 0 балл алған түлек жайлы толығырақ мәлімет белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Tengrinews.kz Иллюстрация. © Tengrinews.kz

ҰБТ-дан 0 балл алған түлек жайлы толығырақ мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық тестілеу орталығындағылар оқиғаның Көкшетау қаласында болған айтады.


ҰБТ-дан 0 балл алған түлек жайлы толығырақ мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық тестілеу орталығындағылар оқиғаның Көкшетау қаласында болған айтады.

"Ол қағазында ешбір жауапты белгілемеген. Жәй ғана отырған. Біз сұрақ кітапшасын қарадық, онда кейбір сұрақтардың жауабы белгіленген - 13-14-і ғана. Жарты сағат қалғанда ол сұранып, әжетханаға кірген. Ереже бойынша аяқталуға бір сағат қалғанда ешкім ешқайда шықпайды. Ол кетіп қалды. Осыдан кейін кезекші оның сұрақтар кітапшасын алып, жауап парағын оған қайтармады", - деп хабарлады Көкшетау мемлекеттік университетіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктінің жетекшісі Бауыржан Рақымжанов телефон арқылы.

"Жауап парағы толтырылмаған күйі қалды. Ол аудиторияға оралды. Бірақ ол тестілеу аяқталуға бір сағат қалғанда шықпауы тиіс еді. Ол аудиториядан шығып кетті", - деді ол.

ҰБТ аяқталғанда түлек апелляцияға берген. 

"Аяқталуға бір сағат қалғанда оның шығуға құқығы жоқ болды. Ал егер шұғыл болса, ол ең болмағанда бояп бастауы керек еді, бірақ бірде-бір пәніне жауап берілмеген. Қыз мәлімет алып кіру үшін шыққан болуы мүмкін деген ой келеді. Айталық, сұраққа жауап беріп, біртіндеп жауап бере бастайсың. Ал мұнда аяқталуға жарты сағат қалған, ал парағы тап-таза. Кезекшілер ереже бойынша әрекет етті", - деді ол.

Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайымен ҚР Білім және ғылым министрлігі айналысып жатыр. Түлектің ата-анасы осы жағдайды шешіп беруді сұрап, ведомствоға өтініш жазыпты.

"Талапкер 0 балл алған жағдайға келсек, ол өз жұмысын аяқтамай шығып кеткен. Оның бұл әрекетке неліктен барғаны бізге белгісіз, бірақ осындай дерек тіркелді", - деген еді осыған дейін ҰБТ директоры Қали Әбдиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети