30 маусым 2017 17:17

ҰБТ-дан ең жоғары балл алған түлек нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саят Тасан Саят Тасан

ҰБТ-дан ең жоғары балл алған түлек нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында 17 жастағы түлек Саят Тасан тестілеу қорытындысына не себепті көңілі толмағанын айтып берді. 


ҰБТ-дан ең жоғары балл алған түлек нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында 17 жастағы түлек Саят Тасан тестілеу қорытындысына не себепті көңілі толмағанын айтып берді. 

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ҰБТ-да ең жоғары баллды (139) алматылық түлек Саят Тасан алғанын хабарлаған еді. Ол гимназияны үздік болып аяқтап, "Алтын белгі" алыпты. 

Саят Тасан Сүлеймен Демирель атындағы университеттің заң факультетіне түскісі келеді екен. Айтуынша, ол бала кезінен заңгер болуды армандаған. Түлек білімді әрқашан жеңіл игеретінін, отбасының да үздік оқығанын айтады. 

"Бірінші сыныптан бастап үздік оқыдым. Шешем "Алтын белгі" алған. Ол - мұғалім. Әке-шешем мектепте де, университетте де жақсы оқыған. Мен де, ағам да "Алтын белгі" алды. Бізді ешкім оқуға мәжбүрлеген жоқ", - дейді Саят Тасан. 

Түлек 10-сыныптан бастап ҰБТ-ға дайындалыпты. "Не жайында оқып отырғаныңды түсінбесең, емтиханда барлығын да ұмытып қаласың. Сондықтан не оқып жатқаныңды түсінуің керек", - дейді ол. 

Саят әр сенбіде "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы", "Адам, қоғам, құқық" пәндеріне қосымша дайындалған. 

"Қосымша екі пәнді таңдадым - "Дүниежүзі тарихы" мен "Адам, қоғам, құқық". Тестілеуге 3 сағат 50 минут берді. 3 сағат 30 минутта барлық сұраққа жауап бердім. "Қазақстан тарихы" пәнінің сұрақтарына бірден жауап бердім, себебі жақсы білемін. Соңғы кезекте  "Адам, қоғам, құқық" пәні бойынша сұрақтарға жауап бердім", - дейді ол.

Саят ҰБТ-да оқу сауаты бойынша бір ғана қате жіберіпті. "Тапсырма мынадай болды: мәтін беріледі, мен оны оқып, стилін анықтауым тиіс. Бұл публицистикалық стиль екен деп ойладым, сөйтсем, көркем стиль екен", - дейді Саят Тасан. Ол барлық сұраққа дұрыс жауап бере алмағанына өкінетінін айтты. 

"Мұндай нәтиже көрсеткеніме қуанышты болмадым. Біз 22 маусымда ҰБТ тапсырдық, кешке мұғалім хабарласып, 139 алғанымды айтты. Шешем қатты қуанды, мен қуанбадым. 140 балл жинағым келген еді. Барлығы мені максималдық балл жинайды деп ойлады. Бірақ бір ғана балл жетпей қалды. Өкінішті", - дейді Саят Тасан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети