21 маусым 2017 12:55

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 20 маусымында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 16 468 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 15 862-сі (96,3 пайызы) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -12633 түлек, орыс тілінде – 3229 түлек. ҰБТ 42 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, тәртіп бұзғаны үшін 3 адам аудиторияларынан шығарылды. Олардың жауаптары жойылды. ҰБТ-ның бірінші күнінде 22 696 тыйым салынған заттар алынды. 

"Орташа балл - 75,53. Ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92 827 түсуші тапсырады, оның ішінде 69 209 - қазақ тілінде және 23 618 - орыс тілінде", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети