ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Мейіржан Мұқасов. Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ-та бұған дейін жарияланған Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталуына қатысты ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ-та бұған дейін жарияланған Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталуына қатысты ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Мұқасовтың ұсталғаны туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап жергілікті "Ақ Жайық" басылымы хабарлады. БАҚ мәліметінше, тергеуді ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.

ҰҚК жауабы

Tengrinews.kz редакциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады.

Жауапта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқаны расталды.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ҰҚК жауабында.

Әкім орынбасарының өмірбаяны

Мейіржан Мұқасов 1994 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2013 жылы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы болып бастаған.

2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі және бөлім басшысының орынбасары, қалалық қаржы бөлімінің басшысы, сондай-ақ Атырау облыстық қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшысы лауазымдарын атқарды.

2025 жылдың қаңтарында Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Тағы оқыңыз: ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді: бөлім басшысы ұсталды

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.83   565.71   6.8 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +29
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +35
П
Павлодар +28
Петропавл +33
С
Семей +33
Т
Талдықорған +24
Тараз +31
Түркістан +26
О
Орал +30
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер