17 қыркүйек 2015 16:50

ҰҚК басшысы террорлық қатер жағдайында жедел әрекет етуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұртай Әбіқаев. © Кnb.kz Нұртай Әбіқаев. © Кnb.kz

Бүгін Астанада республикалық Терроризмге қарсы орталықтың (ТҚО) отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Астанада республикалық Терроризмге қарсы орталықтың (ТҚО) отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында жарылғыш заттар, прекурсорлар және ауыл шаруашылық тыңайтқыштарын террористік мақсатта қолдануға жол бермеу мәселелері қарастырылды. Осы саладағы заңнаманы жетілдіру іс-шаралары анықталды.

"Терроризмге қарсы орталықтың басшысы - ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев халықаралық және өңірлік қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндердің өршу жағдайында мемлекет пен қоғам тарапынан терроризм және діни экстремизм идеологиясына қарсы бірлескен жүйелі жұмыстың қажеттігін баса айтты. Террористік қауіп жағдайында барлық жұмылдырылған күштер мен құралдардың жедел әрекет етуге дайындығын ұдайы қамтамасыз ету маңыздылығын ерекше атап өтті", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, отырысқа ТҚО құрамындағы Бас прокуратура, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети