25 қазан 2018 14:44

ҰҚК экс-басшысы Дүтбаев Әблязовтан түскен ақшасы бар карта туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев Мұхтар Әблязовтан түскен ақшасы бар карта туралы айтып берді. Ол бұл туралы Таразда Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастыруға қатысты өткен сот тыңдалымда айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев Мұхтар Әблязовтан түскен ақшасы бар карта туралы айтып берді. Ол бұл туралы Таразда Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастыруға қатысты өткен сот тыңдалымда айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот тыңдалымы кезінде Нартай Дүтбаев Мұхтар Әблязовтан алған ақша туралы баяндады.

"2008 жылы "Қазатомөнеркәсіп" вице-президенті болып тағайындалдым, ол кезде оны Жәкішев басқарады. 2009 жылы Жәкішев сотталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл кезде Әблязов елден кетіп қалған, нақтырақ айтқанда қашып кеткен. Мен "Қазатомөнеркәсіпте" жұмыс істеп жүрдім, менің профилім мүлде басқа болатын. Жәкішев қамалғаннан кейін сөзсіз, мен онымен дос болып кеттім, оған қатты жаным ашыды. Оның жұбайы Жәмиламен кездесулердің бірінде ол маған төлем картасын берді. Ол карта Әблязовтан болған екен, мен бұл туралы білгенім жоқ. Бұл жөнінде онымен сөйлескеннен кейін білдім", - деді Дүтбаев сотта.

Оның айтуынша, карточкада 20 мың доллар болған. "Жәмила (Жәкішевтің жұбайы) оны Жәкішевтің ісіне қатысты процестерге қатысуға Алматыдан Астанаға барып отыра алуым үшін берді", - деді ҰҚК экс-басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, ол Мұхтар Әблязовпен байланысты өзі орнатқан. "2009 жылы Жәкішев қамалғаннан кейін Әблязовпен байланысқа өзім шықтым, телефонын Жәкішевтің жұбайынан алдым. Менің мақсатым біреу болды - елімізге қатысты кенеттен қастандық жасамау үшін Әблязовты ұстау. Ол Жәкішевтің жағдайын одан әрі күрделендіре түсетін еді. Шын мәнінде мен онымен тек осы туралы сөйлестім. Ол БАҚ арқылы мемлекетімізге қатысты негативті нәрселер айтпасын дедім. Мен айтар едім, ол менің қолымнан келді, 2009 жылдың соңына дейін", - деді Дүтбаев.

Сонымен қатар, Нартай Дүтбаев Әблязов пен Тәтішевтің келісе алмаушылықтары туралы айтты.

"...Тәтішевтің өліміне дейін олардың арасында мүлікті бөлісу бойынша келіспеушіліктер болды. Әсіресе Әблязовтың ҰҚК-ға және өзге дереккөздердегі мәліметтер бойынша, олардың арасында келіссөздер жүргізілген, ол кезде Әблязов бас бостандығынан айыру орындарында жүргенінде Тәтішев оның бизнесін заңсыз түрде бұзып, Тұран Әлемдегі үлесін басып алды деп есептеген", - деді Дүтбаев.

Банкир қайтыс болғаннан кейін банктегі жағдай нашарлай берген.

"Тәтішев қайтыс болғаннан кейін банкте мұрагерлер арасында - жұбайы Анар Айтжанова мен ағайында Тәтішевтер арасында жанжал шыға бастады. Сондықтан мен қажетті білім болмасаа да, банкті өзім басқаруды ұйғардым.Ал банк екінші деңгейлі үздік банктердің қатарында болды. (...), - дейді Дүтбаев.

Айта кетейік, Таразда Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғандарға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

Таяуда бес куәгердің жауабы тыңдалған еді. Олардың бірі Мұхтар Әблязов пен Ержан Тәтішев арасындағы даудың мән-жайын айтып берген болатын.

Әблязов Тәтішевтің өлімі үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Әблязов "Банк ТұранАлем" АҚ экс-төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, ол бұл қылмысты жасау кезінде Мұратхан Тоқмәдимен алдын ала сөз байласқан деген күдік те бар.

Осыған дейін Бас прокуратура өкілдері Мұхтар Әблязовты бірнеше рет тергеуге шақырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети