22 мамыр 2014 | 19:21

Үкімет басшысы әлемдік экономикадағы ойынның жаңа ережелерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 chessok.net сайтынан chessok.net сайтынан

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлемдік экономикадағы ойынның жаңа ережелерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Астанадағы VII экономикалық форумнан. 


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлемдік экономикадағы ойынның жаңа ережелерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Астанадағы VII экономикалық форумнан. 

"Көшбасшылар диалогы. Дүниежүзіндегі халықаралық серіктестік" деп аталатын сессияда сөйлеген сөзінде ҚР премьер-министрі шығыстық көзқараспен қарағанда әлемнің  кезең-кезеңмен өсіп келе жатқандығын айтты. Қытай нұсқасы бойынша 2014 жылы кезекті 30 жылдық кезең басталды. Бұл оның алдындағы кезеңнен мүлде бөлек. "Бізге ұнасын, ұнамасын, бәріміз қазір жаңа әлемде өмір сүрудеміз, және де 2013 жылы әлем бойынша қолданылған кейбір ережелерді 2014 жылы пайдалана алмаймыз. Егер жаһандық замандағы кейбір практикалық нақты кезеңдерді алатын болсақ, жаһандану өткен ойындардағыдай аса маңызды емес", - деді ол. 

Мәсімов атап көрсеткендей, "Кейбір үкімет басшылары өзінің компанияларына олардың қайда жұмыс істей алатын, алмайтындарын айтады. Яғни, кейде геосаясат жаһандық экономикадан да маңыздырақ болуы мүмкін", - деді ол. 

"Қазақстан секілді елдер ойынның жаңа ережелерін ескере отырып, өзінің әрбір қадамына, шешіміне абай болғаны жөн" - деді Үкімет басшысы. 

Еліміздің үкімет басшысы жақында Еуразиялық экономикалық одақтың құрылатынын айтты. "Қазақстан осы ұйымның бір бөлігі болмақ. Алайда Қазақстан саяси жағынан алғанда тәуелсіз болады. Осы жылы біз Кедендік одақтың мүшесі боламыз. Еуропалық одақпен де ары қарай серіктестік туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз, Қытаймен де арақатынасымызды нығайта түсеміз. Сонымен қатар біз Еуразиялық экономикалық одақтың бір бөлігі болғымыз келеді" - деп атап өтті. 

Премьер-министрдің  айтуынша, алдағы он жылдықта Ресей Шығыспен және Батыспен өзінің серіктестігін нығайта түсуге баса назар аударатын болады. "Қазақстан Қытай мен Ресейдің ортасында орналасқан. Сондықтан біз Қытайдан Ресейге, Ресейден Қытайға ағылған көп көліктерді көретін боламыз. Біз өзіміз орналасқан жердің пайдасын көруіміз керек. Біз Қазақстанға дүниежүзінен инвестиция салынуына мүдделіміз. Бұл біздің тұрақтылығымыз үшін қажет. Сондықтан біз экономикадағы ойынның ережесін тыңғылықты зерттегеніміз жөн", - деді К.Мәсімов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети