Үкімет басшысы ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

11 Шілде, 16:35
0
Үкімет басшысы ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады - ҚР премьер-министрі Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 11-12 шілдеде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына (Душанбе қаласына) және Қырғыз Республикасына (Бішкек қаласына) барады. 

Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің және Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзоданың басшылығымен шағын және кеңейтілген құрамдардағы үкіметтік келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды. 

Бішкекте Қазақстан-Қырғыз Үкіматаралық кеңесінің VIII  отырысы өтеді. Күн тәртібінде сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, мұнайгаз саласы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, су-энергетика саласы, кедендік және шекаралық өзара әрекеттестік салаларындағы ағымдағы және перспективалы ынтымақтастықтың 18 мәселесі қаралады. 

Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай