16 мамыр 2017 11:21

Үкімет отырысы барысында Стивен Хокингтің тараздық ізбасары "сөз сөйледі"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исаак Мустопуло Исаак Мустопуло

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысы барысында тараздық оқушы Исаак Мустопулоның видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысы барысында тараздық оқушы Исаак Мустопулоның видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздегі мүгедек жандардың құқықтары жайлы баяндамасын аяқтаған соң министр Дүйсенова денсаулық саласында үлкен жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айта отырып, мысал келтірді.

"Бізде Тараз қаласында 8-сыныпта оқитын оқушымыз бар. Ол жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оған сөз берейік", - деді министр.

Үкімет отырысы өтіп жатқан залдың экранынан көрсетілген видеода балалардың церебральды сал ауруына шалдыққан Исаак Мустопулоның ата-анасы жайлы, мүгедек жандардың Қазақстандағы мектептерде оқу мүмкіндігі жайлы айтады.

Премьер-министр өз кезегінде Тамара Дүйсеноваға осы видео үшін алғыс айтты.

"Рақмет, расында да ойландыратын видео. Адамның ынтасы болса, ол кез келген қиындыққа төтеп бере алады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, тараздық оқушы мен ағылшын ғалымының кездесуі 2016 жылдың 8 желтоқсанында өту керек болатын. Ол кезде қазақстандық оқушының сапарын 2017 жылдың 21 қаңтарына шегерген еді. 

Айта кетейік, Исаак Мустопуло "Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік" АҚ өткізген конкурстың арнайы жүлдесіне ие болған еді. Жүлдені табыстау кезінде мектеп оқушысы Хокингпен кездесуді армандайтыны туралы айтқан. Агенттік қызметкерлері балаға көмек беруді ойластырып, әлемге әйгілі ғалымның өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. Кейін ғалым кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети