20 наурыз 2019 09:48

Үкімет пен Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет пен Ұлттық Банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық үрдістерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясаттың сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Үкімет пен Ұлттық Банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық үрдістерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясаттың сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің сайтындағы хабарламада Үкімет пен Ұлттық Банктің ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының бұрын берген тапсырмалары мен жариялаған бастамалары орындалатыны айтылады.

"Мемлекеттік бағдарламалар мен құрылымдық реформаларды іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының және "Қазақстан-2050" Стратегиясының мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін жалғастырылады.

Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты болжамды қазынашылық саясатты жүргізуін жалғастыра береді. Барлық бюджеттік міндеттемелер және әлеуметтік бастамалар толық көлемде орындалатын болады. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді", - делінген үкіметтің сайтында.

Сондай-ақ, Ұлттық Банктің төмен инфляцияны қолдауға бағытталған болжамды ақшалай-несие саясатын жүргізуіді жалғастыра беретіні айтылады. Валюта нарығында, банк секторында және қаржы нарығының басқа сегменттерінде жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Ұлттық Банктің жеткілікті көлемде алтын-валюталық активтері, сондай-ақ теңгенің айырбас бағамына қатысты алыпсатарлық операциялардың алдын алу үшін қажетті құралдары, оның ішінде реттеу құралдары да бар.

"Ағымдағы экономикалық ішкі және сыртқы факторлар ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді. Жағымсыз тәуекелдер көрініс берген жағдайда Үкімет пен Ұлттық Банк олардың салдарын барынша азайту және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети