14 қараша 2014 19:04

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жоспарын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Үкіметі отырысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы ұлттық жоспар жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, жоспардың жобасында 25 іс-шара бар. Жоспарда ұлттық қордан 500 млрд теңге көлемінде екінші траншты, сондай-ақ 2015-2017 жылдарға жыл сайын 3 млрд доллар бөлу бойынша сәйкес шешімдерді әзірлеп, Мемлекет басшысына қол қоюға ұсыну қарастырылған.

Сонымен бірге, "Нұрлы жол" Жаңа экономикалық саясаты аясында 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жасау қамтылған.

Мұнымен қатар, жоспарға Жалпы ұлттық жоспарға ШОБ дамыту үшін несие желілерін тарту, сондай-ақ жылу және сумен қамту жүйелерін өңірлік деңгейде жетілдіру бойынша жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети