10 сәуір 2014 21:32

Үкімет тұрғын үй бағасын оңтайландыру жоспарын бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан Республикасы үкіметі Астанада тұрғын үй бағасын оңтайландырудың кешенді жоспарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы үкіметі Астанада тұрғын үй бағасын оңтайландырудың кешенді жоспарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешенді жоспарға Астананың тұрғын үй нарығындағы бағаны тұрақтандыруға бағытталған 17 шара енгізілген. Аталмыш қаулыны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қаржы жұмсалмайды, оның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кері әсері болмайды делінген хабарламада.

Аталған қаулыны Үкімет 2013 жылдың 27 қарашасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңес хаттамасы негізінде жобалаған. Естеріңізге сала кетсек, сол кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы тұрғын үй бағасының аспандап тұрғанын айтқан болатын. Елорданы одан әрі дамытуға арналған кеңес барысында, Президент Астанадағы тұрғын үй бағасына жасалған сараптамалық есепке назар аударды. Елбасы "тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы өзіндік құнынан екі-үш есе қымбат" деген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети