07 маусым 2017 17:25

Үкіметті сынаған депутаттар "Нұр Отан" партиясының өкілдерімен дауласып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының үкіметті сынайтындар туралы пікірлері үйлесім таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының үкіметті сынайтындар туралы пікірлері үйлесім таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар дауласып қалды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының есебінен кейін "Ақжол" демокаратиялық партиясының өкілі Азат Перуашев үкіметтің депутаттық сауалдар мен партия бастамаларына салғырт қарайтынын мәлімдеді.

"Біз үкіметтің "Ақ жол" фракциясының нақты ұсыныстары мен депутаттық сауалдарына салғырт қарайтынын байқап отырмыз. Бұл бізді алаңдатады. Біздің бастамаларға лайықты жауап болатынын күтуге құқылымыз, оның үстіне ол Президент тапсырмасын орындауға бағытталған болса", - дейді Азат Перуашев.

Қазақстанның коммунистік партиясының депутаты Владислав Косарев әріптесін қолдап, биліктегі партия үкіметті жеткілікті түрде сынамайтынын атап өтті.

"Мен "Нұр Отандағы" әріптестерімді түсінемін, олар үкіметтегі әріптестерін қолдап отыр. Бұл дұрыс та шығар. Бірақ үкімет Парламентте басқа да партиялардың бар екенін естен шығармауы керек. Олардың сауалына нақты және орынды жауап болу керек. Кейде жауаптарды оқып отырып, оған қол қойған адамның бізді мүлде сыйламайтынын байқайсың. Бұл жауапты жазған қызметкерлер өкілетті еместігін түсінеміз. Дегенмен сіздердің бұл мәселені түсінгендеріңізді қалаймыз", - дейді Владислав Косарев.

"Нұр Отан" партиясы атынан депутат Қуаныш Сұлтанов бұл сөздердің дұрыс емес екенін және үкіметті сынауда оның партиясы да үнсіз емес екенін мәлімдеді.

"Есеп беру кезінде нұротандықтар үкіметке қатысты, есеп көмитетіне қатысты аз сын айтқан жоқ. Сондықтан біз заң бойынша өмір сүруіміз керек. Құрметті әріптестер, бұл салада үкімет пен әкімдіктер бюджеттің атқарылуын қадағалау керек. Тәсілдерді, жұмыс әдістерін өзгерту керек", - деді Қуаныш Сұлтанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети