13 шілде 2016 17:19

Үкіметтегілер балаларға ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© privet-rostov.ru © privet-rostov.ru

Үкіметтегілер "Ақ жол" фракциясы депутаттарының балаларға ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Үкіметтегілер "Ақ жол" фракциясы депутаттарының балаларға ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы "Ақ жол" фракциясы депутаттарының премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалнамаға ресми жауабында айтылады.

"Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді механизмдерін жасау бағытында ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесі өзекті. Бұл жерде Қазақстан міндетті түрде Европарламенттің балаларға ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелу тыйым салуға арналған арнайы алгоритмдерін қолдайды. Осыны ескере отырып, Ақпарат және коммуникация министрлігі осы мәселені қоғаммен, ақпарат құралдарымен және басқа да осы мәселеге қызығушылық танытқан органдармен талқылап, бұл мәселені шешуі керек", - делінген Үкіметтің жауабында. 

Еске салайық, биыл 1 маусымда "Ақ жол" фракциясының депутаты үкіметтен 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуды сұраған болатын. Ол бұл мәселелерді шешу үшін еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйену керек екенін айтты. "Ақпарат құралдарында Еуропарламенттің 2017 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге ата-анасының рұқсатынсыз тіркелуге тыйым салу мәселесінің талқыланып жатқаны жазылып жатыр. Сонымне қатар, eMarket компаниясы 11 жастан кіші әрбір бесінші баланың Facebook парақшасы бар екенін хабарлады. Еуроодақтың қаулысына сәйкес компаниялар балаларға ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу жүйесін ойластыруы тиіс. Мұндай шара айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі деп ойлаймын. "Ақ жол" фракциясы әлеуметтік желілерге салынатын мұндай шектеуді Қазақстанда да енгізуді сұрайды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети