22 тамыз 2017 12:01

Үкіметтегілер бюджет заңнамасын жетілдіру туралы заң жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасында бюджет заңнамасына 6 негізгі бағыт бойынша түзетулер ұсынылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында заң жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Министр айтып өткендей, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын, Ұлттық қорды құру және пайдаланудың жаңа Тұжырымдамасын, сондай-ақ Парламент және Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында әзірленген.

"Сондай-ақ, бюджет үдерісін жетілдірудің басқа да мәселелері қаралды. Жалпы ұсынылған түзетулер бюджет қаражатын экономикаға жылдамырақ  жеткізуге, игерілмеу сомасын азайтуға, МЖӘ жобаларының санын арттыруға, сондай-ақ үлкен дербестік жағдайында мемлекеттік органдардың үлкен жауапкершілігіне септігін тигізеді", - деді министр Сүлейменов.

Заң жобасымен бюджет заңнамасына 6 негізгі бағыт бойынша түзетулер ұсынылып жатыр. Бұл орталық және жергілікті деңгейлердегі 1,5 мыңнан астам құжатты қысқартуға мүмкіндік береді.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде әкімшінің дербестігін кеңейту аясында бюджетті нақтылаусыз бюджеттік жобалар арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

МЖӘ жобаларын жобалау рәсімдерін жеңілдету мақсатында барлық үдерісті 5-тен 3 кезеңге дейін қысқарту ұсынылды. Бұл МЖӘ жобаларын әзірлеу мерзімдерін 7 айдан 3 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңашылдықтардың бірі "бағдарламалық МЖӘ" енгізу болып отыр - жеке серіктесті іріктеу мен жобаларды іске асырудың барлық рәсімдері қосымша сараптама жүргізусіз мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардағы әр сала үшін жеңілдетілген формада жазылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети