06 қараша 2014 12:17

Украина Қазақстандағы бас консулдығын жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Украина Қазақстандағы бас консулдығын жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Украинаның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз маманы Ирина Блащукке сілтеме жасап.


Украина Қазақстандағы бас консулдығын жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Украинаның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз маманы Ирина Блащукке сілтеме жасап.

"Украинаның Алматыдағы бас консулдығы 1 қарашадан бастап жабылды. Азаматтарды қабылдау жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл Украинаның сыртқы істер министрінің шешімі", - деді ол. Баспасөз маманы жабылған консулдықтың жұмысын Астанадағы елшіліктің консулдық бөлімі өзіне алатынын жеткізді. Қалаған адам Астанадағы Украина елшілігіне бара алады. 

Сонымен қатар, Блащук Украинаның Сучавадағы (Румыния), Прешовтегі (Словакия), Варнадағы (Болгария) және Марсельдегі (Франция) консулдықтардың жабылып жатқанын хабарлады. Сонымен бірге, Батумидегі (Грузия) консулдық агенттік, Нижний Новгородтағы (Ресей) бас консулдық, Хайфадағы (Израиль) және Куритибедегі (Бразилия) консулдықтар жұмысын тоқтатады. Баспасөз маманының айтуынша, консулдықтардың жабылуына қаржыны тиімді пайдалану себеп болып отыр .

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети