03 наурыз 2014 15:12

Украинадағы жерлестерімізді елге әкелуге әзірше себеп жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тelegraf.com.ua ©Тelegraf.com.ua

Украинадан қазақстандықтарды көшіріп әкелуге әзірше қажеттілік жоқ. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазіргі уақытта отандастарымызды эвакуациялау шаралары жүргізіліп жатқан жоқ. Бірақ біз жағдайдың дамуына қарап отырмыз. Егер азаматтарды көшіріп әкелуге қажеттілік туатын жағдай бола қалса, біз шешімімізді қайта қараймыз. Дегенмен қазір көшіріп әкелу мәселесі сөз болып отырған жоқ", - дейді Үсенов. Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Киевтегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін мәлімдеген болатын. Қазір Украинада билік ауысқанымен, саяси шиеленістің одан әрі ушығатын түрі бар. Оған себеп - Ресейдің елдегі ахуалды реттеу үшін әскер кіргізу ниеті. ҚР Сыртқы істер министрлігі тараптарды елдегі дағдарысты реттеуде күш қолданбауға шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети