26 тамыз 2014 16:48

Украинадан босқындар емес, бүлікшілер келіп жатқан жоқ па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

gazetahimik.ru фото gazetahimik.ru фото

«Елімізге Украинадан босқындар ағыла бастады» деген ақпарат тарағалы бері қоғамда түрлі ойлар айтыла бастады. Мамандардың бір шоғыры халықаралық заңдылыққа сүйеніп, «біз оларды қабылдамай қоюға хақымыз жоқ» десе, екінші бір тобы «босқындар арқылы ел аумағына түрлі идеологиялар келуі мүмкін. Бұл Қазақстанның ішкі жағдайына тұрақсыздық әкеледі» деп дабыл қағуда. «Алаш айнасы» басылымы осы бір пікірлерді таразыға салып, безбендеп көріп еді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы мәліметтеріне сүйенсек, Украинадағы саяси шиеленістерден кейін 230 мыңға тарта адам босқын атаныпты. Өткен айда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы Дэн Макнортон: «Жалпы бүгінге дейін Украинадағы жанжалға байланысты 230 мыңнан астам адам өз үйлерін тастап кетті. Оның 100 мыңы Украинаның басқа аймақтарына қоныстанса, 130 мыңы Ресей аумағына өтіп кеткен», - деген еді.

Осы 130 мыңның қаншасы Ресей арқылы Қазақстанға келіп жатыр? Бұл жөнінде ресми дерек жоқтың қасы. Ресми дерек жоқ екен деп, «елімізге украиндықтар келмей жатыр» деп айта алмаймыз. Өйткені, тәуелсіздік алған жылдары Қазақстаннан жүз мыңдаған украин азаматтары өз елдеріне қоныс аударды. Басқаларды былай қойып, дәл сол азаматтар босатын болса, қай елді таңдайды? Өздерінің туысы, таныстары қалған Қазақстанды, әрине... Ресейліктердің деректеріне сүйенсек, 11 мыңнан аса азамат Ресей билігінен ресми түрде пана сұрапты. Ресейге осылай ағылған украиндықтар «Қазақстанға ат басын бұрмайды» деп айту артық.

Бұл біздегі «тұрақтылықтың белгісі» деп аспанға тақия лақтырып, қуанарлық жай емес. Сол босқындардың ішінде бейбіт өмір іздеп келгендер емес, сепаратистер, елдің тыныштығын бұзатын бүлікшіл болуы да мүмкін ғой. Мұны бір деп қойыңыз.

Екіншіден, украин жерінде бүлік шығарып, «орыс тілді азаматтардың құқықтарын қорғаймыз» деген желеумен мемлекеттің шаңырағын шайқалтқандар бізді оңдыра ма? Ресейдің өзі босқындар келген аймақтарда төтенше жағдай жариялап жатыр емес пе?

Үшіншіден...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети