15 шілде 2014 14:37

Украиналық босқындар Қазақстанға тасталған "бомба" боп жүрмесін

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) @Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Соңғы күндері әлеуметтік желіден бастап, түрлі сайттарға дейін "Қазақстанға Сирия мен Украинадан босқындар босып келе бастады" деген ақпарат таралып жүр. Мұның анық-қанығы былай тұрсын, қазір қоғам арасында   ол босқындар кімдер, елдің қауіпсіздігіне қаншалықты қатер төндіреді, оларды құшақ жая қарсы алу керек пе" деген секілді мәселе қызу талқыланып, жұрт пікірі екіге айрылып жатқаны бар. Бірі босқындарды өз жеріндегі әскери қақтығыстардан қашып, бейбіт өмірді іздеп келгендер десе, енді бірі олар сепаратистер, бүлікшілдер, елдің тыныштығын бұзуға кәдік деседі.  " Көпұлтты халықтың арасында көзге түспейтіндей дендеп алып, ел ішіне ірікті салып жүрмей ме?" деп ой қозғайтындар да баршылық. Сөйтіп, қазақстандықтардың босқындарға, әсіресе украиналық босқындарға қатысты пікірі екіге бөлінген. Біреулер ештеңеге қарамай, көмек беру керек десе, екіншісі  "сау басқа сақина" дегізбей босқындарды қабылдауға қарсы шығып отыр. Осыған орай,  " Алаш айнасы" да осы мәселені қаузап көрген еді.

" Украинаның оңтүстік-шығысындағы әскери қақтығыстардан бас сауғалаған сол елдің 20-дан астам азаматы Таразға келді. Босқындардың біреуі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасына өз құжаттарын рәсімдеуге де тапсырып қойған" , - деп жазады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары. Байқауымызша, босқындардың ішінде сириялық Әлмұхаммед Свейда-Айеш Хасан есімді азамат та бар көрінеді. Ол берекесі кеткен өз отанын безіп, бейбіт тіршілік кешіп жатқан Таразға мәңгі қоныстануды ұйғарған. Мамандығы - дәрігер. Бүгінде өз кәсібі бойынша жұмыс істеуге әзір. Алайда денсаулық сақтау басқармасы рұқсат бермей жатқан көрінеді. Себебі заң бойынша шетелден келген азамат медициналық қызметпен айналыса алмайды.

Дегенмен, телефон шалып, біз де аныққа қанықпақшы болған едік. Күні кеше Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне хабарласқанымызда, ол тараптан бұл ақпаратты жоққа шығаратын түсініктеме алдық. "Таразға 20-дан астам босқынның келгені туралы ақпарат шындыққа еш жанаспайды", - дейді құзырлы құқық қорғаушылар. Дегенмен, "жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды". Босқынның саны 20 адамнан аспаса да, бірді-екілі адамның келуі әбден мүмкін ғой? Олардың барлығы өз еліндегі қарулы қақтығыстан қашып, тыныштықты іздеп жүрміз дейді-міс. Әрине, қақтығыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек жасап, босқын мәртебесін беру – әрбір өркениетті мемлекеттің міндеті. Алайда сол босқындардың ішінде елдің тыныштығын бұзатын сеператистердің болуы мүмкіндігіне жұрт алаңдап отыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети