Украинаның 37 азаматы Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрап отыр

18 Тамыз 2014, 14:19
0
Украинаның 37 азаматы Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрап отыр - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Украинаның 37 азаматы Қазақстан билігіне босқын мәртебесін алуға өтініш білдірді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мамандары хабарлады.

"Бүгінде Алматы, Астана қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармаларына босқын мәртебесін беруді сұрап, Украинаның 37 азаматы өтініш білдірді", - делінген Tengrinews.kz-тің сауалына қайтарылған жауапта.

Қазақстан аумағында барлығы 589 босқын немесе 131 отбасыға құқықтық-әлеуметтік көмек көрсетіледі, олар қорғауға алынған. Олардың дені - 556 адам - Ауғанстаннан келгендер. 

Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрінің блогына Қазақстан билігінен босқын мәртебесін беруді сұрайтын Украина азаматтарынан өтініштер келіп түсіп жатыр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай