19 маусым 2014 15:25

Украинаның Путинді балағаттаған министрі қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Дещица. ©РИА Новости Андрей Дещица. ©РИА Новости

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Дещица Жоғарғы Раданың шешімі бойынша қызметінен босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Дещицаны қызметінен кетіру туралы президенттің ұсынысын 319 депутат қолдады, шешім шығару үшін 226 дауыстың өзі жеткілікті болатын. 


Украина Сыртқы істер министрі Андрей Дещица Жоғарғы Раданың шешімі бойынша қызметінен босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Дещицаны қызметінен кетіру туралы президенттің ұсынысын 319 депутат қолдады, шешім шығару үшін 226 дауыстың өзі жеткілікті болатын. 

Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы болып Павел Климкин тағайындалды. Ол осы кезге дейін Украинаның Германиядағы елшісі болатын.

Еске салайық, Андрей Дещица Ресейдің Киевтегі елшілігіне жасалған шабуылдан соң жанжалдың ортасында қалды. Оқиға орнына келген министр ереуілшілерге тыйым салмайтынын, мүмкіндігі болса, өзінің де оларға қосылатынын айтты. Ол қызды-қыздымен жиналғандарға "Путин - ("пәленше")" деген ұран тастады, басқалар оны "ла-ла-ла-ла-ла" деп, іліп әкетті. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Дещица әдеп шекарасынан аттап кетті деп мәлімдеп, онымен бұдан әрі сөйлесуден бас тартты.

Енді Ресей тарабы Украинаның жаңа Сыртқы істер министрімен өзара әрекеттесуге дайын екенін мәлімдеді. "Біз жаңа министрге табыстар тілейміз, онымен қарым-қатынасқа дайынбыз", - деді РФ СІМ басшысының орынбасары Григорий Карасин. Оның айтуынша, Павел Климкин Ресейге анағұрлым тәжірибелі әрі танымал дипломат ретінде белгілі.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети