02 сәуір 2014 15:35

Украинаның сүңгуір қайығы Қазақстанға беріледі деген ақпарат жалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Запорожье" сүңгуірінің үстіне жуырда РФ Әскери-теңіз флотының туы ілінді. ©Obozrevatel.com "Запорожье" сүңгуірінің үстіне жуырда РФ Әскери-теңіз флотының туы ілінді. ©Obozrevatel.com

"Ресей Қазақстанға "Запорожье" сүңгуір қайығын беруге дайын" деген ақпарат жалған. ҚР Қорғаныс министрлігі ҚазТАГ таратқан бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Ресей Қазақстанға "Запорожье" сүңгуір қайығын беруге дайын" деген ақпарат жалған. ҚР Қорғаныс министрлігі ҚазТАГ таратқан бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Географиялық ерекшеліктерге байланысты Каспий теңізінде сүңгуір қайықты қолдану мүмкін емес", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін ҚазТАГ Ресей Қара теңіз флотының қолбасшылығы Қазақстанның Каспийдегі Әскери-теңіз күштеріне "Запорожье" сүңгуірін беруге дайын деп хабарлаған еді. Агенттік Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасаған. Мұның алдында ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Украинадан Қырымдағы автобронетанкілі техникалар мен әскери кемелердің жартысын қайтаруды талап еткенін хабарлаған болатын. Ресей қайтаруды бұйырған техникалардың арасында Украинадағы жалғыз дизельді-электрлі сүңгуір қайық - "Запорожье" де бар. Наурыз айының соңында ол Ресейдің Қара теңіз флотының құрамына өтті.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украина сүңгуірге иелік етуді ойламаған да, өйткені Украина Әскери-теңіз күштері орналасқан Одессада оған лайықты инфрақұрылым жоқ. "Қазақстан Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы "Красное Сормово" зауытында Каспийге арналған дизельді-электрлі сүңгуір қайықтар топтамасын шығару тапсырыстарының келешегі жөнінде "Ростехвооружение" кәсіпорнымен келіссөз жүргізгендіктен, ресейлік әскерилер "Запорожьені" қазақстандық сүңгуіршілер үшін оқу-жаттығу базасы ретінде қолдануды ұсынды", - деп хабарлаған болатын ҚазТАГ пен оған сілтеме жасаған өзге ақпарат құралдары. "Қазақстанға берілгеннен кейін субмаринаға "Ақтау" деген атау беріледі деген де хабар тараған еді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети