Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ұлттық банк басшысы Президентке 20 мың теңгелік купюра жайлы айтып берді

02 Желтоқсан 2015, 19:43
0

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 20 мың теңгелік купюра жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Данияр Ақышев кездесу барысында Қазақстан Президентіне қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлттық валютаның күрт ауытқуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде, сондай-ақ айналымға номиналы 20 мың теңгелік ақшаның енгізілгені туралы баяндады.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, соның ішінде қаржы институттарын басқару, инфляция деңгейін төмендету, тиімді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне қатысты тапсырмаларды орындау жұмыстары басталғанын айтты. 

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкінің құны 20 мың теңгелік банкноттарды айналымға енгізетіні хабарланған болатын. Ол айналымға 2015 жылдың 1 желтоқсанында шығарылады делінді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай