21 сәуір 2016 10:29

Ұлттық банк бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына ескерткіш монеталарын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ұлттық банктің баспасөз қызметі © Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына ескерткіш монеталарын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына ескерткіш монеталарын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 21 сәуірден бастап номиналдық құны 100 теңгелік, "рroоf" сапалы "Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Астана 2016" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады. Бұл монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы мамырда Қазақстан астанасында өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ресми эмблемасы пайдаланыла отырып әзірленді.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек аясында монетаның номиналын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 24 g" деген жазу, сондай-ақ Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің және мемлекеттік тілдегі "Қазақстан Республикасы" деген жазудың қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, соғылған жылын білдіретін "2016" деген жазу бейнеленген. Бейнелер мен жазулар бедерленген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Астана қаласында өткізілетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ресми эмблемасы бейнеленген. Бояуы тампомөр технологиясы арқылы берілген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 24 грамм, тік бұрышы 30х45 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 1 мың дана. Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі номерлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталардың бүкіл 1000 дана таралымын Қазақстан бокс федерациясы сатып алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети