02 қыркүйек 2015 | 00:30

Ұлттық банк депозит бойынша өтемақыны кімдердің алатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Теңгемен ашылған депозит күймейді. Оның шығындарын өтеу бағдарламасы 5 қыркүйекте бекітіледі. Мұндай мәліметпен Ұлттық банктің қаржылық қызметтi тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi департаменттің директоры Александр Терентьев бөлісіп отыр. Айта кетейік, бағдарламаға ағымдағы жылдың 18 тамызына дейін теңгемен ашылған жеке тұлғалардың шұғыл депозиттері ғана ілігеді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Теңгемен ашылған депозит күймейді. Оның шығындарын өтеу бағдарламасы 5 қыркүйекте бекітіледі. Мұндай мәліметпен Ұлттық банктің қаржылық қызметтi тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi департаменттің директоры Александр Терентьев бөлісіп отыр. Айта кетейік, бағдарламаға ағымдағы жылдың 18 тамызына дейін теңгемен ашылған жеке тұлғалардың шұғыл депозиттері ғана ілігеді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Елбасы теңге бағамын еркін айналымға жіберуге қатысты шығынға ұшыраған теңгелік депозиттер бойынша өтемақы тетігін әзірлеуді тапсырған болатын. Соған сәйкес, арнайы құрылған комиссия бүгінгі таңда теңгемен ашылған салымдардың шығындарын өтеу бойынша бағдарлама әзірлеуге кірісіп кеткен. Яғни, 1 миллионға дейінгі барлық теңгелік депозиттер өтелетін болады. Ұлттық банк төрағасының пәрмені бойынша, құрылған жұмыс тобы 1 қыркүйекке дейін шығындарды өтеудің тетігін пысықтап, бекітуге ұсынуы тиіс. Ал 5 қыркүйек күні Ұлттық банк басқармасы осы бағдарламаны бекітеді.

 "Ұлттық валютамен ашылған депозиті бар бірде-бір адам ұмыт қалмайды. Сондықтан жұмыс тобының құрамына екінші деңгейлі банк, қаржыгерлер қауымдастығы өкілдері кірді. Бағдарлама бекітілген соң, сіздерді толыққанды таныстырамыз. 1 миллион теңгеге дейінгі барлық теңгелік депозиты бар азаматтардың барлығының жағдайы ескеріледі", - деді ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қызметтi тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi департаментінің директоры Александр Терентьев.

Комиссия теңгенің долларға шаққандағы жаңа бағамы бойынша айырымын шығарады. Әйтсе азаматтар бұл қаражатты қалаған уақытында ала алмайды. Ол сома кем дегенде бір жыл өз шоттарында сақталуы шарт. Экономистер қарапайым халықтың басым бөлігінің депозит көлемі 1 миллион теңгеге жепейді дегенді алға тартады. Ал теңгеге сенім артып ұлттық валютада жиған-тергенін сары майдай сақтаған салымшылардың жай-күйіне екінші деңгейлі банктер оңайлықпен бас қатырмайтын сыңайлы.

"Дегенмен де халықтың арасында Ұлттық банкке деген сенім жоғалған. Тіпті, Ұлттық банктің төрағасы сөйлесе де халық сенбейді. Мен ойлаймын осы жерде Ұлттық банктің қызметі инфляцияны болдырмау. 30 пайыздық девальвация болса да азық-түлік құны қатты өсіп кетеупеуі керек", - деді экономист Мақсат Халық.

Соңғы мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында салымшылардың көрсеткіші 1,3 пайызға артып, 4 триллион 360 миллиард теңгені құраған. Ал теңгелік депозит көлемі 5 пайызға жоғарылап, шамамен 1 жарым триллион теңге артыпты. Есесіне шетел валютасындағы салым мөлшері жарты пайызға төмендеп, шамамен 3 триллион теңгені құраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети