18 қараша 2015 14:47

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинағын сақтауға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинағын сақтауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Данияр Ақышев Ақордада өтіп жатқан жиын барысында айтты.


Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинағын сақтауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Данияр Ақышев Ақордада өтіп жатқан жиын барысында айтты.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін инвестициялау, инвестициялаудың қазіргі құрылымы елдегі күрделі экономикалық жағдай кезінде жаңа міндеттерді орындауды талап етеді. Дегенмен негізгі мақсат азаматтардың зейнетақы қорын сақтап қалу болып отыр. (...) Сондықтан да зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мәселесі қайта қаралуы керек", - деді ол.

Сонымен қатар, долларландырудың халықтың есебінен болмау керек екенін айтты. "Біз халықтың қаражатын теңгемен сатауы үшін дұрыс әрі экономикалық ынта қоя білуіміз керек. Осы мәселеге келгенде әкімшілік тараптан да қосымша талдаулар мен ықшамдандыру жасау керек", - деді Ақышев.

"Ұлттық банк - адамдардың сауатты болуы үшін халыққа қаржы әлемінде не болып жатқанын қарапайым тілмен түсіндіретін басты әрі жалғыз орган. Қазір олар онсыз да білімді, өмір санасуға үйретіп жатыр. Елде мемлекеттің әлеуметтік міндеттерді өз уақытында орындауы өте маңызды", - деді Қазақстан Президенті Ұлттық банк басшысының баяндамасынан кейін.

"Мен банктерге және теңгеге деген сенімнің қалпына келетініне сенімдімін. Халық мұның азаматтар үшін, еліміз үшін, біз өмір сүріп жатқан, қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеретін экономика үшін тиімді екенін білуі керек", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети