Ұлттық банк төрағасы EXPO-2017 көрмесіне қарай Астанада баспана құны артатынын айтты

22 Шілде 2014, 17:32
0
Ұлттық банк төрағасы EXPO-2017 көрмесіне қарай Астанада баспана құны артатынын айтты - Иллюстрация tengrinews ©
Иллюстрация tengrinews ©

Ұлттық банк төрағасы EXPO-2017 көрмесіне қарай Астанада баспана құны артатынын жоққа шығармады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қайрат Келімбетов Астанада өткен орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті.  

"Бізге бірлесе отырып, бағаның қолдан өсуіне жол бермес үшін тиісті қадағалау жүргізу керек. Әрине, баспана құнында өсім болады. Алайда бұл тұрғыда тұрғын үйдің санаты мен оның орналасу орны бөлек мәселе", - деді Ұлттық банк басшысы. 

Қ.Келімбетов баспана құны шамамен қандай деңгейде өсетінін атап өтпеді. Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеге нарықтың қағидалары ықпал етеді, яғни барлығы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай