04 тамыз 2016 13:02

Ұлттық банк төрағасы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың артықшылықтарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vladitime.ru © vladitime.ru

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндіктерін қарастырған кезде бірінші кезекте зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты адам үлкен жасқа келгенде оның зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету екенін ескеру керек. Мұндай пікірді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баспасөз конферециясының барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл мәселе қарастырылып жатыр. "Бірінші кезекте бұл зейнет жасынан кейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті жинақтары бар қазақстандықтарға қатысты мәселе. Жиналған қаражат асып кеткен жағдайда мәселені тағы да қарастыру керек болады деп ойлаймын. Зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету. Егер бұл мақсат орындалса, адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, қажетті медициналық көмек көрсету сияқты екінші деңгейлі қажеттіліктермен қамтамасыз етуге болады. Бұл мәселемен тек мемлекеттік органдар емес, сонымен қатар қоғам айналысуы керек. Кейін адамдар осы мүмкіндіктерді пайдаланып алып, олардың зейнетақы жинақтарында жетіспеушіліктер болмас үшін бұл мәселемен тек мемлекеттік органдар айналыспауы қажет", - деп түсіндірді Ақышев.

Осыған дейін Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов Ұлттық Банктің Үкіметпен бірлесіп зейнетақы активтерін инвестициялаудың тәсілдерін өзгертудің ықтимал нұсқаларын, сондай-ақ оларды жеке компаниялардың басқаруына беру нұсқасын қарастырып жатқанын айтқан болатын. "Біздің басты мақсатымыз - қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету", - деп атап өтті ҚР ҰБ басшысының орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети