02 қараша 2015 17:28

Ұлттық банктің жаңа төрағасына "камикадзе ролін сомдау ғана қалды" - Досым Сәтбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Ұлттық банк төрағасының позициясы "мина қойылған даланы" еске салады. Мұндай пікірді бүгін Tengrinews.kz тілшісіне саясаттанушы Досым Сәтбаев білдірді. Ол Данияр Ақышевтың тағайындалуы туралы өз пікірін айтты. Сәтбаев Ұлттық банктің де, Қазақстан үкіметінің де сыртқы факторлардың ықпалына сәйкес әрекет ететінін түсіндірі.


Ұлттық банк төрағасының позициясы "мина қойылған даланы" еске салады. Мұндай пікірді бүгін Tengrinews.kz тілшісіне саясаттанушы Досым Сәтбаев білдірді. Ол Данияр Ақышевтың тағайындалуы туралы өз пікірін айтты. Сәтбаев Ұлттық банктің де, Қазақстан үкіметінің де сыртқы факторлардың ықпалына сәйкес әрекет ететінін түсіндірі.

Еске сала кетейік, бүгін Қайрат Келімбетовтің ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазір банкке және ұлттық валюта - теңгеге деген сенім азайғанын, бұған жол беруге болмайтынын айтты. "Менің ойымша, Келімбетовтің отставкаға кетуі осымен байланысты. Бұған дейін қабылданған шешімдер үнемі жедел болған жоқ, сол кездегі жағдайға үнемі сәйкес келе бермейтін. Қайрат Келімбетов Ұлттық банкті басқарған кезде оның достары азайып, дұшпандары көбейді. Соңғы бірнеше айда Ұлттық банктің ірі банктермен қатынасы бұзыла бастады. Қазақстандық ірі компаниялардың артында біздің саяси элита мүшелері тұр", - деді Сәтбаев.

Сонымен қатар, ол Келімбетовтің орнында кез келген адамның болуы мүмкін екенін айтты. "Ұлттық банк те, үкімет те экономикамыздың негізгі ойыншылары емес. Олар сыртқы факторларға тәуелді болуға мәжбүр: мұнай бағасының түсуі, біздің ірі серіктестеріміз - Ресей мен Қытайдағы экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Яғни, Ұлттық банктің төрағасы қазіргі жағдайда қалай болғанда да камикадзе ролін сомдауға мәжбүр", - деді Сәтбаев.

Ол Ақышевтың Марченкомен ұзақ уақыт бойы жұмыс істегенін еске салды. "Ол Ұлттық банкте жұмыс істеуден тәжірибесі бар адам. Ол бұл саланың құрылымын жақсы біледі. Григорий Марченконың мінезінің ауырлығына қарамастан бұл салада үздік болғанын, жақсы қаржыгер болғанын білуге болады. Ақышевты оның шәкірті деп қарасақ, ол бұл қызметке лайықты", - деді Сәтбаев.

Сонымен қатар, ол бұл жерде тек кәсіби маман болудың жеткіліксіз екенін айтты. "Ол жақсы маман, дегенмен Ұлттық банктің мүддесін қорғап, өзінің қағидаларымен жұмыс істете алатын Григорий Марченко сияқты стратегиялық ойыншы емес. Сондықтан да ол бақылауда болуы мүмкін", - деді саясаттанушы.

Олжас Құдайбергенов те Ақышевтың Ұлттық банк төрағасы болуына қатысты өз пікірін білдірді. "Енді ол Ұлттық банкке келді. Мемлекеттік қызметте әдетте көзқарасыңды лауазымды қызметтің қай орнында отырғаның анықтайды. Ендігіде ол теңгенің әрмен қарай құлдырауына моральдық тұрғыда жауапкершілік артады. Ол девальвацияны, оның жалғасуының жақсылыққа апармайтынын білетін болады", - деді Құдайбергенов. Сарапшы Ақышевтың тағайындалуына оң көзқараспен қарамайтынын мәлімдеді. "Мен оның Ұлттық банк төрағасы болуын дұрыс деп есептемеймін. Ол бұған дейін қаржы реттеушісі төрағасының орынбасары болды. Ол бұдан басқа жоғары қызметте болған жоқ", - деді Құдайбергенов.

Экономист Ұлттық банктің бұрынғы төрағаларының бұл қызметте ұзақ болмағандарын, алты жыл толық мерзімді қызмет атқармағандарын айтты. "Меніңше, бізде ешкім алты жыл бойы толық мерзімде төрағалықта болған жоқ. Әдетте бұл қызметте бір, екі, үш жыл болады. Ең көп болғаны - Марченко. Ол төрт жыл қызмет етті. Халық Ұлттық банк төрағасының отставкаға кетуін қолдауы мүмкін, себебі теңгенің құлдырауын сол адаммен байланыстырады. Бірақ шын мәнінде ол қарсы болды. Келімбетов пен қаржы құрылымындағы өкілдердің арасындағы ірі қақтығыс экс-төрағаның кетуіне әкеп соққан болуы мүмкін. Бірақ менің ойымша, ол өзі де кеткісі келді", - деді Құдайбергенов.

Сарапшы Азамат Жолдасбеков Данияр Ақышевтың екі үлкен артықшылығы бар екенін айтты: Ұлттық банкте ұзақ әрі кәсіби түрде жұмыс істеуі және Ақордада жұмыс тәжірибесі. "Ақышевтың жасының кіші болуы қорқынышты емес. Ол тым жас емес. Данияр Ақышев пен Бақыт Сұлтанов жастарға үлгі деп білемін: ол бір ұйымда сапалы жұмыс істеу арқылы жетістікке жетуге болатынын көрсетті - кешегі түлектен бүгінгі басшыға дейін. Менің білуімше, бұл әзірше қазақстандық мемлекеттік органдар үшін өте бірегей мансап", - деді ол. Жолдасбековтің пікірінше, жаңа төрағаның алдында теңгеге деген сенімді күшейтіп, банк депозиттерін қалпына келтіру мәселесі тұр. "Ең маңызды мәселелердің бірі - несие және инвестициялық белсенділікті, қор нарығындағы эмиссиялық белсенділікті қалпына келтіру. Сонымен қатар, БЖЗҚ активтерін басқарып, Ұлттық қорға қатысты мәселені шешу керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Парламентінің Сенаты жалпы отырыста Ұлттық банктің төрағасын тағайындау мәселесіне келісім беруді талқылады. Данияр Ақышев 1976 жылы туылған, Алматының тумасы. Экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Кей жылдары Орта Азия қаржы биржасында жетекші экономист болып қызмет еткен. Сонымен қатар, Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымда болды және сол департаментті басқарды. 2007-2014 жылдары ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Осыдан кейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде меңгеруші болып қызмет етті. Биыл тамыз айынан бастап Мемлекет басшысы көмекшісінің уақытша қызметін атқарды.

Айта кетейік, Келімбетов ҚР Ұлттық банк төрағасының қызметін 2013 жылдың 10 қазанынан 2015 жылдың 2 қарашасына дейін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети