Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық палата ауылда бизнес ашуға көмектеседі

11 Сәуір 2014, 16:27
0
©alashainasy.kz
©alashainasy.kz

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз бизнесін ашуға ниет білдірген азаматтарға арналған кепілдік қорын ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазір жергілікті жерде, әсіресе, ауылда бизнесті ашуға талпынатын азаматтардың кепілзаты жетпей жатады. "Әрине, оның жері үлкен емес. Үйін де кепілге сала алмайды. Өйткені жергілікті жерде жылжымайтын мүліктің бағасы қалада сияқты емес. Біз Түркияның тәжірибесін қарап шықты. Оларда да тура біздікіндей палата бар. Енді, жақын арада үкіметке тиісті ұсыныс жасаймыз. "Даму" қоры мен банктермен бірлесе отырып, кепілдік қорын құру қажет", - дейді Мырзахметов.

Ұлттық палатаның басшысы атап көрсеткендей, аталған бастама жүзеге асса, болашақта өз кәсібін ашамын деген адамның 80 пайыздық кепілін қордың өзі ұсынады. "Кәсіпкер бизнес-жоспарды көрсетсе болғаны. Оған біздің аймақтық бөлімшелеріміз де көмектеседі. Ұлттық палата әрбір арыз берушіні бақылап, оның жоба қаржысын қалайша жұмсап жатқанын қадағалайды да, көмектеседі де. Біз осы жобаны іске асыруға даярмыз", - деді Мырзахетов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай