28 қараша 2019 10:29

Ұлттық сусынды көшеде сатуға рұқсат ету құжаттарын беру желеуімен пара алған шенеуніктер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz фотоколлажы ©Tengrinews.kz фотоколлажы

Шымкент қаласының Абай және Еңбекші ауданы әкімдіктерінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімдерінің басшылары алаяқтық үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының Абай және Еңбекші ауданы әкімдіктерінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімдерінің басшылары алаяқтық үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін күдікті болған Шымкент қаласының Абай және Еңбекші ауданы әкімдіктерінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімдерінің басшылары Ш.Нақыпбеков пен А.Әшірбековке қатысты қылмыстық істі аяқтаған болатын", - делінген хабарламада.

Шенеуніктер алдын ала келісім бойынша ұлттық сусынды көшеде сатуға рұқсат ету құжаттарын беру желеуімен жеке кәсіпкердің 150 мың теңге сомасындағы қаражатын алдау арқылы иемденген.

"Биыл 25 қарашада Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының үкімімен лауазымды тұлғалар алаяқтық жасағаны үшін айыпты болып танылып, оларға мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойы айырумен әрқайсысына 1 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қоса, осыған дейін хабарланғандай, қаланың сауда нүктелерінің бірінде балық сатуға рұқсат беру және әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін кәсіпкерден делдал арқылы 65 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған Шымкент қаласы әкімдігінің әл-Фараби ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты тергеу жалғасып жатыр. 

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, соңғы шешімді сот шығарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети