17 қараша 2016 15:45

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 28-ші қысқы Универсиада ойындарына байланысты ағылшын тілінің тілдесу мәдениетін меңгеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет баспасөз қызметінен Сурет баспасөз қызметінен

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінде Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісімшарт әскери қызметшілері мен мерзімді қызмет сарбаздарына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары мен магистранттары ағылшын тілінен курстар өткізді, - деп хабарлайды тілшісі Ұлттық ұланның "Оңтүстік"  өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінде Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісімшарт әскери қызметшілері мен мерзімді қызмет сарбаздарына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары мен магистранттары ағылшын тілінен курстар өткізді, - деп хабарлайды тілшісі Ұлттық ұланның "Оңтүстік"  өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткізілген курстардың мақсаты - әскери қызметшілерді ағылшын тілінің қарапайым қарым-қатынас тіліне үйрету болып табылды. Өйткені 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада ойындарына әлем елдерінен көптеген туристтер келеді деп жоспарланып отыр. Сол себепті туристтердің қала ішінде адасып кетпеуі және оларға белгілі бір бағытты көрсете білуі үшін Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне ағылшын тілінің тілдесу мәдениетін меңгеру міндеттелген болатын.

Ағылшын тілін халықаралық дәрежеде меңгерген Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің жиырмаға жуық оқытушылары мен магистранттары әскери қызметшілердің аз ғана уақытта шет тілінің қарапайым сөйлесу-тілдесу түрін үйренуі үшін барын салды, сол үшін де өздерімен бірге мол оқу-әдістемелік құралдарын да ала келіп, орыс және қазақ тілдерінде аптасына үш сағаттан сабақтар өткізді. Сабақтар батальон құрамындағы роталар буынында топтарға бөлініп өткізілді. 9 рота сарбаздарына тәлім берген Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранты Назерке Смағұл: "Жалпы әскери қызметшілер мен сарбаздарға ағылшын тілінің "Elementary", яғни қарапайым деңгейі бойынша сабақтарды өткізу барысында байқағаным, жауынгерлердің басым бөлігі шет тілінің бастапқы деңгейін меңгерген, ол қуантарлық жайт. Ұлттық ұлан қатарына көбіне жоғары білімді азаматтар қабылданатындықтан, ағылшын тілінің алғашқы деңгейін білуі заңды да", - деп ойымен бөлісті. Сарбаздармен бірге сабақтарға қатысқан 9 рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Тұрсынбай Акбаров: "Жоғарғы оқу орнынан келген оқытушылар сабақ өту барысында тәжірибелерінің мол екендігін көрсетті. Біздің ротадағы сарбаздардың бірқатарының жоғарғы және арнайы орта білімдері бар. Өткізілген сабақтар барысында олар тілді меңгеру деңгейлерін естеріне түсіріп, оқытушымен бірге білімдерін пысықтады".

Мұндай курстар алдағы апталарда Қаракемір кентінде орналасқан Ұлттық ұланның 6654 бөлімінің оқу пунктінде жалғасатын болады.

Айта кетейік, Алматы қаласында 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында өткізілгелі отырған 28-ші қысқы Универсиада кезінде мыңнан аса Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын күзететін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети