16 тамыз 2019 11:51

"Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық". Тоқаевтың тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында мінберде. © Тұрар Қазанғапов Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында мінберде. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіне теріс ықпал ететін кедергіні атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіне теріс ықпал ететін кедергіні атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы мұғалімдердің тамыз конференциясында айтты. Ақорданың баспасөз қызметі Twitter желісінде президенттің сөзінен үзінді жариялады.

"ҚР Президенті: Білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі - ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің ескерілмеуі", - делінген Ақорда твитінде.

Сондай-ақ, Тоқаев Сапалы білімнің жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы екенін, "жеті түрлі ілім білетін" ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің негізгі міндеті екеніне тоқталды.

"Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс", - дейді Тоқаев Ақорда жариялаған тағы бір твитте.

Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети