24 маусым 2014 23:45

Ұлы Жібек жолының бiр бөлігі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Жібек жолының картасы Ұлы Жібек жолының картасы

Ұлы Жібек жолының бiр бөлігі БҰҰ білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мәселелерінің Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Марғұлан атындағы археология институтының құрметті директоры Карл Байпақов мәлімдеді.


Ұлы Жібек жолының бiр бөлігі БҰҰ білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мәселелерінің Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Марғұлан атындағы археология институтының құрметті директоры Карл Байпақов мәлімдеді.

Осы ретте айта кетейік, Ұлы Жібек жолы Қытайдан жібек тасу үшін пайдаланылып, осылай аталып кеткен. Бұл объектіні тізімге енгізу туралы шешім 22 маусым күні ЮНЕСКО-ға қарасты Бүкіләлемдік мұраның Катар астанасы Дохада өткен 38-сессиясында қабылданды.

"Ұлы Жібек жолын өз алдына жеке объекті ретінде тізімге енгізу идеясы 2005 жылы туындаған. Сонда Алматыда ЮНЕСКО-ның кеңесі өтіп, осындай ой қозғалған. Содан бері бұл идея болып қана қалған. Кейіннен бірнеше кездесулер өтіп, оның әдістемелері жасалды. Ұлы Жібек жолы – өте ауқымды ғой. Жұмыстары да қиын болды", - дейді Байпақов.

Айта кетейік, Ұлы Жібек жолын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізуге тапсырысты Қытай, Қазақстан және Қырғызстан бірлесе отырып жасаған. Енгізілген объектіде Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі (Қытай, Қазақстан, Қырғызстан) жеті бағыт бар. Бұл – "жібек жолы" желісінің Хань мен Тан династияларының дәуіріндегі Қытайдың астаналары Сиань (Чанъань) және Лоян қалаларынан бастау алатын, Орта Азияның Жетісу аймағына дейін созылған ауқымды бөлігі. Ұлы Жібек жолы бөлігінің ұзақтығы 5 мың шақырымды құрайды.

К.Байпақовтың айтуынша, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне бұдан кейін ескерткіштерді енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұдан әрі біздің жоспарымызда Жібек жолының Сырдариялық деп аталатын бөлігін де қосу бар. Онда шамамен 14 ескерткіш бар. Жұмыс екі-үш жылға созылады. Келесі ескерткіштер тобы да тізімге енгізіледі деп сенеміз", - деп атап өтті ол.

Ұлы Жібек жолы Алдыңғы Азия, Орта Азия, Кавказ және Қытай халықтарының экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуда орасан зор рөл атқарған. Мысалы, ол технологияны, инновацияны, мәдениет пен дiндi таратудың "өткізгіші" бола білген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети