09 мамыр 2014 10:32

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" жобасын бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" жобасын бастайды Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" жобасын бастайды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" жобасын бастайды. Оған барлық қазақстандықтар қатыса алады.


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" жобасын бастайды. Оған барлық қазақстандықтар қатыса алады.

Біз оқырмандарымызға миллиондаған адамдардың өмірін қиған, мыңдаған тағдырды бүлдірген сұрапыл соғысты көрген өздерінің туыстары мен жақындары туралы айтып беруді ұсынамыз. Отанды жанкештілікпен қорғаған – қан төгілген ұрыс даласында шайқасқан және тылда аянбай еңбек еткен адамдарды еске алыңыздар.

Бұл жоба – шежіре емес, жігерлі адамдар мен ерен ерліктер туралы деректердің қысқаша мұрағаты. Картотеканы сіз өзіңіз толтыра аласыз. Өзіңіздің аты-жөніңізді жазып, батырдың атағын және соғыс жылдарындағы жанкештілігі туралы қысқаша әңгімені енгізесіз. Сондай-ақ арнайы үлгіде фото "жапсыра" аласыз.

"Жеңімпаздар" жобасы – бұл әрі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жаңа буынға бейнежолдауы. Ұзақ жылдардан кейін ұрпақтарына игі тілектері де бола алады. Бұл – болашақ пен өткеннің жанды байланысы.

Tengrinews.kz әрбір қазақстандықты жас ұрпақ біздің сарбаздарымыздың ерліктері туралы ұмытпаулары үшін "Жеңімпаздар" жобасына ат салысуға шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети