Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ұлытаудың егжей-тегжейлі карта-сызбасы Google Maps-қа енгізіледі

05 Қараша 2014, 15:51
0

Ұлытау өлкесінің егжей-тегжейлі карта-схемасы Google Maps-қа енгізіледі. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан ұлттық география қоғамы экспедициясының мүшелері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2014 жылдың 11-23 тамызы аралығында Қазақстан ұлттық география қоғамы ұйымдастырған экспедиция мүшелері Ұлытауға сапар шеккен болатын. Саяхатқа тарихшы-археологтер, географтар, биологтер, ботаниктер, туризм саласы сарапшылары мен өңірді карталау, жаңа археологиялық нысандарды іздеу мен қазбаларды әуеден түсіру жұмыстарын орындайтын пилотсыз ұшу аппараттары операторлары қатысты.

Қазіргі уақытта экспедицияның алдын ала нәтижелері шығарылды: жергілікті елді мекендердің экономикалық және географиялық ерекшеліктері туралы ақпараттар жиналды, Ұлытау ауданы тарихи нысандарының тізімі жасалып, толықтырылды, өңірдің туристік картасы түзілді, жергілікті әкімдікпен бірге өңірде экотуризмді дамыту және қонақүйлер желісін құру мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жетті.

"Бұл өңір қызықты жайттарға толы болып шықты, мұнда тарихи ескерткіштер көп. Ертеде негізгі тарихи оқиғалар Түркістан мен Ұлытау аралығында болған. Қазіргі Алматы мен Астана аралығындағы жолдың бойында тарихи ескерткіштердің көп болатыны содан. Келесі жылы Қазақстанда қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы тойланғалы отыр, Ұлытаудың қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында мәні зор болғанын айта кету қажет. Өлкетанушылардың бірі бізге: "Қазақтардың арасында "орыстар үшін қасиетті жер - Кремль, Кремльді алсаң, орыстарды жеңгенің" деген тәмсіл бар, ал қазақтарда мұндай киелі жер - Ұлытау" деді, - дейді экспедиция жетекшісі, Қазақстан ұлттық география қоғамы директорының халықаралық әрі ғылыми жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкенов.

Экспедицияға қатысушы Виталий Шуптар сапар қорытындысы бойынша туристік карта түзіліп, қазір оның нысандарын Google Maps-қа енгізу мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын айтты.

"Біз жай ғана карта-схема емес, шағын жолкөрсеткіш жасағымыз келді. Google картасы бойынша қазір процесс сәл кешеуілдеп тұр, себебі Google кейбір мәліметтерді қабылдамай жатыр, айталық, тарихи ескерткіштер бойынша ешқандай кедергі болмаса, қыстақтар бойынша мәліметтерді бекіткісі келмейді. Мұндай таластар бірнеше аптаға созылады. Оған тарихи нысандар кіргізіліп қана қойған жоқ, сонымен бірге, оларға апаратын бағыт-бағдарлар егжей-тегжейлі жазылды", - дейді Шуптар. Карта-схема үш тілде шығарылған (1500 дана). 

Баспасөз мәслихатына қатысушылар экспедиция мен Қазақстан Президентінің Ұлытаудың етегінде берген сұхбатының уақыты жағынан тұспа-тұс келгенін айтты.

"22 тамыз күні біз Жезқазғаннан шықтық, сол кезде біздің көліктердің легі тоқтатылды, бұл кезде қалаға Президент келді, ол Ұлытаудың етегінде сұхбат беріп, оның қазақстандықтардың өміріндегі ролі туралы айтты", - деді Сәкенов.

Ұлытаудың етегінде Қазақстан Президенті еліміздің келешегі туралы ойын айтты. "Хабар" агенттігіне берген сұхбатында ол Ұлытаудың қазақтар үшін киелі жер екенін атап өтті. Назарбаевтың айтуынша, Ұлытау аймағы кезінде Қазақстанның болашақ астанасын салуға арналған орындардың бірі ретінде қарастырылды. "Бұл - қазақ халқының нағыз орталығы. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде қазіргі көзқараспен қарағанда, ештеңе жоқ. Жол жоқ, су жоқ, әуежай жоқ, ештеңе жоқ. Құрылыс салуға мол қаржы қажет. Сондықтан ол ел астанасын салуға қолайсыз орын болды. Бірақ ол - киелі жер, сондай болып қала бермек. Теміржол мен автокөлік жолдары салынатын болады. Келешекте бұл жер туризм орталығына, ата-баба әруағына тағзым ететін орынға айналады", - деді Президент.

Экспедиция мүшелері Қарағанды облысындағы аудан орталығы - Ұлытау тауымен аттас елді мекеннің бір кездері әйгілі тарихи жер болғанын тағы бір еске салды. "550 жыл бұрын Қазақ мемлекеті құрылып жатқан кезде бұл таулар қазақ этносының бесігі болды, осы жерлерде хандар сайланып, осы жерде одақтар құрылған, осында жаудан жасырынған. Мұнда хандар орда тігіп, үлкен жорықтарды осы жерден бастаған, Ұлытау Алаша хан, Жошы, Домбауыл, Едіге, Тоқтамыс хандардың мәңгілік мекеніне айналды. Ұлытау жері ежелгі көшпенділерге қару-жарақ пен құрал-сайманға қажетті металдарды берді, мыңғырған малға жайлау болды. Ұлытау тарихының білгірі, академик Әлкей Марғұланның айтуынша, Ұлытауда Тұран патшасы Афрасиаб өмірінің соңғы күндерін өткізген. Бұл жерде жүздеген буын ұрпақтың жұмбағы жатыр, мұнда ғұндар көшіп-қонған", - дейді Сәкенов.

Қазір Ұлытаудағы экспедиция туралы деректі фильм жасалып жатыр, альбом-кітап шығарылатын болады. Ұлытауға жыл сайын экспедиция жасау туралы шешім қабылданды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай