28 шілде 2016 17:02

Үндістанда қазақстандықты зорлағандар ымыраға келмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Үндістанда қазақстандықты зорлады деп айыпталушылар ымыраға келмек болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.


Үндістанда қазақстандықты зорлады деп айыпталушылар ымыраға келмек болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Іс жалғасуда. Наурыз айында сот отырысы болды. Үш күдікті ымыраға келуді сұрады, алайда біздің консулдар мұнымен келіспеді. Соттың істі қарауы жалғасуда. Қазіргі уақытта істің қашан аяқталатыны белгісіз. Оның мүддесін консулдар қорғап жатыр, олар соттың әділ шешім шығаруын қадағалайды",  - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Министрлік осы істі жіті қадағалап отыр. Қазақстанның Үндістандағы елшілігінде консулдық бөлімінің қызметкерлері зардап шегушімен және Нью-Дели қаласының құқық қорғау қызметімен байланыста болып, адам құқығын және азаматшаның мүддесін қорғауда.

Еске салайық, оқиға 2015 жылы наурыз айында болған. Қазақстанның 27 жастағы азаматшасы Нью-Делиге келіп, қаланың орталығында орналасқан Карол-Багх ауданындағы бір қонақүйге тоқтаған. Кешкі уақытта ол екі күдіктімен жұмыс бабымен кешкі аста кездескен. Олар әйел адамға үшінші бір партнермен кездесу үшін келесі бір қонақүйге баруды ұсынған. Кейін екі ер адам келген. Әйел адам айғайлаған. Айқайды естіген қонақүй қызметкері жүгіріп келген. Жәбірленуші өзінің зорланғандығын айтқан. Қылмыскерлер ұсталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети