“Ұңғыда оқ қалып қойған“: әскери бөлімдегі қайғылы оқиғадан кейін батальон командирінің орынбасары сотталды

“Ұңғыда оқ қалып қойған“: әскери бөлімдегі қайғылы оқиғадан кейін батальон командирінің орынбасары сотталды Фото:depositphotos.com

Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болу дерегіне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болу дерегіне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 23 қыркүйекте жеке құрамның қарумен жұмыс істеу барысында пулеметтен абайсызда оқ атылып, оның салдарынан оқ жарақатын алған қатардағы жауынгер Сейтқали Ә., қайтыс болған.

Іс бойынша қадағалауды жүргізу барысында әскери прокурорлар қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған қажетті тергеу және процестік әрекеттердің толық жүргізілуін қамтамасыз етті.

Жарнама
Жарнама

"Тергеп-тексеру барысында батальон командирінің орынбасары қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпегені, сондай-ақ алдыңғы өткізілген атыстардан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмағаны анықталды. Соның салдарынан ұңғыда қалып қойған оқ әскери қызметшінің қаза болуына себеп болды", - делінген хабарламада.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша ол Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама