26 қыркүйек 2016 11:17

Универсиада-2017 нысандары жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді - FISU

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация Универсиаданың барлық спорт және инфрақұрылым нысандарын көріп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.


Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация Универсиаданың барлық спорт және инфрақұрылым нысандарын көріп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Жалпы алғанда делегаттар Атлеттер ауылына, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплині кешеніне, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайына, "Алматы арена" мұз сарайына, "Медеу" биік таулы мұз айдынына және "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешеніне, "Алатау" шаңғы-биатлон кешеніне, "Табаған" спорт ойын-сауық кешеніне барып қайтты.

"Универсиада нысандары ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Атлеттер ауылы - бұл жайлылығы жағынан Олимпиада нысандарынан асып түсетін бірден-бір жоба. Мен жақында ғана Риодан оралдым, Алматыдағы жайлылық деңгейі, коммуникациялар мен инфрақұрылым анағұрлым жоғары деп айта аламын", - деп атап өтті FISU президенті Олег Матыцин.

Делегаттар Атлеттер ауылының барлық блоктарын аралады. Нысандардың бірегейлігін кездесуге қатысушылардың көбі атап өтті.

Естеріңізге салсақ, атлеттер ауылы 5 мың спортшы мен делегация мүшесін ыңғайлы жайғастыра алатындай етіп салынған. Жалпы тұрғын алаңы - шамамен 125 мың шаршы метр, 1748 пәтер. Тұрғын үй кешені ағылшын тіліндегі Universiade сөзінен алынған "U" әрпі (Universiade) түрінде орналасқан 14 ғимараттан және 3 қызмет көрсету блогынан тұрады.

Басқа нысандар да сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

"Мен өте жақсы әсерде қалдым, өйткені барлық спорт ғимараттары жаңа әрі жақсы салынған. Спортшыларға арнап олимпиада ауылында өте жақсы жағдайлар жасалған. Бұл ғимараттар кейін Алматының барлық тұрғындарының қажетіне жарасын деп тілеймін, бұл балалар мен жастардың барлығы компьютер алдында отырған  қазіргі заманда әсіресе маңызды. Қала мерекесімен сіздерді құттықтаймын!", - деді Эстония Ұлттық студенттер спорты федерациясының прездиенті Ветузме Антс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети