1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Universities Contest жеңімпаздары грант пен жарты миллион теңгеге ие болады

Қазақстанда жоғары оқу орындары, колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында Халықаралық бизнес университеті (UIB) Tengrinews.kz сайтымен біріге ұйымдастырған Universities Contest республикалық олимпиадасы басталды. Студенттер арасында халықаралық қатынастар туралы ең үздік видеожауап берген қатысушыға жарты миллион теңге беріледі, ал мектеп лигасының жеңімпазы UIB-де төрт жыл білім алуға грант және өз мектебіне 500 мың теңге ұтады.

Жоғары оқу орындары, колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында өткізілетін біріншілік жылдың өзекті тақырыбына арналған: "Әлемдегі болып жатқан соңғы жағдайларға байланысты АҚШ, Ресей және Қытай арасында жаһандық серіктестік мүмкін бе?". Жұмыстар 2017 жылдың 24 наурызы сағат 09:00-ден бастап, жетінші сәуір сағат 23:00-ге дейін қабылданады. Іріктеуден өткен жұмыстар Tengrinews.kz сайтында жарияланады. Бұл сайтта жерде кез келген оқырман ұнаған видеосына дауыс бере алады. Universities Contest студенттік лигасына қатысу ережелерімен мына жерден таныса аласыздар. Әділқазылар арасында Ресей, АҚШ, ҚХР, Германия, Франция және Польша консулдары болады. 

Мектеп лигасына Қазақстан мектептерінің 11-сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға түрлі сала бойынша қойылған он сұрақтың біріне өз бетімен орындалған және негіздемесі бар видеожауап беріледі. Жауаптар 2017 жылдың 6 наурызынан 20 сәуір аралығы, сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін қабылданады. Сұрақтармен мына жерден таныса аласыздар. Іріктеуден өткен жұмыстар Tengrinews.kz сайтында жарияланады. Ол жерде барлық оқырман ұнаған видеоға дауыс бере алады.