Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік материалдық көмектің көлемі белгілі болды

09 Сәуір 2015, 16:04
3
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік көмектің көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "ҰОС-ғы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Светлана Жақыпованың айтуынша, 2015 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджетте 5,8 миллиард теңге қарастырылған.

Нақты айтқанда, бір реттік материалдық көмектің көлемі мынадай:
- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге - 100 мың теңге;
- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға, Жеңіске үлес қосқан азаматтарға - 70 мың теңге;
- ҰОС кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жұбайларына, ата-аналарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және өзге де мәжбүрлеп ұстау орындарында кәмелеттік жасқа дейін тұтқында болғандарға - 30 мың теңге;
- тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жұбайларына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін оларға теңестірілген тұлғаларға 25 мың теңге төленеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай