28 наурыз 2014 22:02

ҰОС-та қаза тапқан қазақстандықтарға Ресейде ескерткіш қойылмақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото yk-news.kz сайтынан алынды Фото yk-news.kz сайтынан алынды

Ресейде Ұлы Отан соғысында (ҰОС) қаза тапқан қазақстандықтарға ескерткіш қойылмақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Майдан жолы" Павлодар іздеу отрядының негізін қалаушы Жұмабек Қамзин мәлім етті.


Ресейде Ұлы Отан соғысында (ҰОС) қаза тапқан қазақстандықтарға ескерткіш қойылмақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Майдан жолы" Павлодар іздеу отрядының негізін қалаушы Жұмабек Қамзин мәлім етті.

Ресейдің Невел қаласында Павлодар облысында туып-өскен Әбілқайыр Баймолдинге қола бюст орнатылады. "Соғыс жылдары Невел қаласы жаудан азат етілгеннен кейін ол осы қалаға әскери комендант болып сайланған. 1944 жылы Әбілқайыр Баймолдин осы жерде ерлікпен қаза тапты. Биыл отандасымыздың ерлігіне 70 жыл толып отыр. Соған байланысты біз батырға ескерткіш қоймақпыз", - деді Қамзин.

Оның айтуынша қола мүсінді жасаумен ресейлік мүсінші Борис Сергеев айналысуда. Ол Әлия Молдағұлова ескерткішінің авторы. Қазақстандыққа арналған ескерткіш Невел қаласының алаңына қойылмақ, одан кейін сол алаңға батырдың есімі берілмек. 

"Қазіргі таңда алаңға Баймолдиннің атын беру мәселесі қарастырылып жатыр. Батырдың бюстін орнатумен қатар біз алаңға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Ол жерде 600-дей кеңес жауынгері жерленген. Олардың арасында қазақстандықтар да көп. Сондықтан отандастарымыздың рухына құрмет көрсету біздің парызымыз", - дейді Қамзин. 

Әбілқайыр Баймолдин Кеңес Одағының батыс өңірін жаудан азат етуде ерлікпен қаза тапқан. Ол "Қызыл жұлдыз" орденімен, "Қызы белгі" медалімен марапатталған, ҰОС "Ерлігі үшін" І дәрежелі орденінің  иегері. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети