Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.97
EUR / KZT - 381.05
CNY / KZT - 48.44
RUB / KZT - 5.45

Үсеновтің әкесінің қызметтен кеткені расталды

30 Қаңтар 2014, 16:19
0
Tengrinews.kz иллюстрациясы
Tengrinews.kz иллюстрациясы
Алматыда көлікпен алты адамды қағып кетіп, кейін жазадан құтылған Мақсат Үсеновтің әкесі - "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының қызметкері өз еркімен жұмыстан кетпек. Ақпарат құралдарында тараған бұл әңгімені ұлттық компанияның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қажымұрат Үсеновтің жұмыстан босату туралы арыз жазғаны рас. Еске саламыз, өткен желтоқсан айында алты адамды қағып кетіп, біреуін өлтірген Мақсат Үсеновтің тараптардың ымыраға келуі себепті тұтқыннан босатылуы қоғамның наразылығын туғызған еді. Оның ісін қайта қарау және бұл талап орындалмаған жағдайда EXPO-2017 жобасына бойкот жариялау туралы онлайн-петицияға 20 мыңнан астам адам қол қойды. Ғаламтордағы наразы көпшілік Қажымұрат Үсеновтің қызметтен кетуін де талап еткен еді.

Енді көпшіліктің талабы орындалған сыңайлы. Бірақ ұлттық компания мамандары атышулы жол-көлік оқиғасының халықаралық көрменің дайындығына ешқандай әсер етпейтінін айтқан болатын. Олардың сөзіне қарағанда, Қажымұрат Үсенов ашық-жарқын адам, әрі өз ісінің кәсіби білгірі.

Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен 23 жастағы Мұрат Қарабалиннің өліміне себепші болды. Көлік қаққан қалған бес адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді, оның біреуі ауруханада әлі жатыр. Үсеновке қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанымен, оның жәбірленуші тараптың шығынын өтеуіне және марқұмның туыстарының бұнымен мәмілеге келуіне байланысты ол Алмалы аудандық сотының шешімімен тұтқындаудан босатылды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай