Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

12 Ақпан, 17:44
0

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

13 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші сеундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде секундына 18-23 метр, күндіз 15-20, кей жерлерде секундына 25 метр күтіледі.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, 12 ақпанда Алматы облысында қатты қар жаууына байланысты облыстық маңызы бар Алтынемел-Көксу автожолының 0-94 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі. 


© kazavtodor.soft.kz/map

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай