22 қараша 2016 21:44

Үш облыста дауылға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Үш облыста дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"24-25 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, боран соғады, ал кей жерлерде қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, секундына 23-28 метрді құрайды", - делінген "Қазгидромет" РМК сайтында. 

Сондай-ақ, Астанада: "23 қараша күндізгі уақытта, 24-25 қарашада түнгі уақыттарда қар жауады, боран соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, метрді құрайды".

Осыған дейін, алдағы күндері жылы ауа райы күтіледі деп болжаған. "Қазақстандағы өте суық ауа-райын ұстап тұрған қуатты антициклон, жылы және ылғалды атлантикалық ауа қысымының салдарынан ақырындап бұзыла бастайды. Алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында температура көтеріліп, сондай-ақ қар жауып, бұрқасын тұрып, қатты батыс желі соғады деп күтілуде", - деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығыста антициклон ықпалының нәтижесінде жауын-шашынсыз суық ауа райы сақталады. 24 қарашаға қарай шығыс облыстарда аяз аздап босаңсыйды деп болжанады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети