28 желтоқсан 2017 19:48

Үш облыста қар көшкіні жүруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің үш облысында қар көшкіні жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еліміздің үш облысында қар көшкіні жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК филиалының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 124 дауылды алдын ала ескертуі негізінде ескертеді! Жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты Алматы, Алматы облысының таулы аймақтарында және Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында) 29 желтоқсанда қар көшкіні жүруі мүмкін", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

"Қиғаш қардың ықтимал арандатуларына байланысты таулардың қарлы тік беткейлеріне шықпауды ұсынамыз. Тауларда абай болыңыздар!", - деп ескертті мамандар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети