04 қазан 2017 16:25

Ұшақ төмендеген кезде пилоттар үндемеді - East Wing басшысы апат жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

East Wing әуе компаниясының өкілдері Ан-28 ұшағында болған пилоттар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


East Wing әуе компаниясының өкілдері Ан-28 ұшағында болған пилоттар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұшақ төмендеген кезде борт пен диспетчердің арасында байланыс үзілді. Яғни, пилотар қалай ұшып жатқандары жайлы ештеңе айтпады, үндемей отырған. Олардың неліктен үндемегенін сарапшылар анықтауы тиіс. Ұшақтың қозғалтқышында қандай да бір ақау болды деген сөз өтірік", - деді East Wing әуе компаниясының президенті Виталий Масалитин.

"Ұшақ жерге құлағанша төмен ұшып жүрді. Әуе апаты болған кезде ұшақтың 2018 жылдың шілдесіне дейін жарамдылығы бар екені жайлы сертификат болды. Әуе кемесі 17 жолаушыға дейін тасымалдай алады және оның кіші авиацияға қатысы жоқ. Оқиға орнында ұшуға қатысты мәліметтер табылды. Олардың барлығы әрі қарай толық әрі мұқият зерттелу үшін халықаралық ұйымдарға жіберіледі. Барлық материал мемлекетаралық әуе комитетінің мамандары жұмысты аяқтағанға дейін сақталады. Тергеу аяқталғанда әуе апатының қорытындысы қолжетімді болады", - деді инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Алматыда өткен брифинг барысында.

Әуе компаниясының өкілдері екінші пилот Евгений Кутафиннің туыстарының Алматыға келе алмайтынын айтып өтті. "Біз Оралдағы туыстарымен сөйлестік. Анасы науқас екен, келе алмайды", - деді Виталий Масалитин.

Сондай-ақ, компаниядағылар өздерінің қызметкерлерінің кәсібилігі жайлы айтып берді. "Ұшу экипажы жайлы айтатын болсақ, Цойдың еңбек өтілі бар, 12 000 мыңға жуық сағат ұшты. Бізде біраз жұмыс істеді, өзі Бішкектен. Біз оны өзіміз жұмысқа шақырдық. Біздің компанияда екі жыл жұмыс істеді. Пилот Кутафин Орал қаласынан. Жасы шамамен 30-да. 400 сағат ұшты. Еңбек өтілі жеткілікті. Қазақстан аумағында шамамен бес жыл уақыт жұмыс істеді", - деді Виталий Масалитин.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети