30 шілде 2017 16:26

"Ұшақты видеоға түсіріп жатқанда денелер адам танымастай өртеніп кетті" - Әуе апатынан қаза болған ұшқыштың туысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында әуе апатынан қаза тапқан ұшқыштың туысы Facebook желісіндегі парақшасында денені жеткізуде болған проблемалар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында әуе апатынан қаза тапқан ұшқыштың туысы Facebook желісіндегі парақшасында денені жеткізуде болған проблемалар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"КазАвиа әуе компаниясына тиесілі ұшақта болған екі адам қаза болды. Куәгерлер өртеніп жатқан ұшақты видеоға түсіріп жатқанда, денелер адам танымастай өртеніп кетті. Өкінішке қарай, бізде қазір осылай. Барлығынан бұрын оқиғаны видеоға түсіру керек. Сарапшы денені оқиға орнында тани алмайтынын және денені Алматыға генетикалық сараптамаға жеткізу керектігін айтты", - деп жазған Тахир Тақабаев. 

Оның айтуынша, ұшқыш Халит Ақбердинов - оның бауырының әйелінің ағасы.

"Ашығын айтқанда, қаза тапқан ер адамның отбасының жағдайы орташа. Сондықтан олар қаржылық жағдайға байланысты генетикалық сараптамаға келе алмады. Туыстары барынша көмек көрсетіп жатыр. Сараптаманың нақты қашан жүргізілетіні де белгісіз. "КазАвиа" әуе компаниясының басшылы қаза тапқандардың отбасына көмектесеміз деп уәде берген еді, алайда әзірше ол тараптан ешқандай көмек көрсетілмеді. Алматыға сараптамаға туыстарын жеткізсе де болар еді. Немесе генетикалық материалдарды Қарағандыдан Астанаға немесе Алматыға жеткізуге көмектесуге болады", - деп жазған.

"Әуе компаниясы жекеменшік болса да, онда қандай да бір жауапкершілік болуы керек. Сондықтан да мемлекет мұндай жағдайда көмектесуі керек қой. Мемлекет тек осы істі тергеумен айналысса, онда адамды да дұрыс жерлеу керек", - дейді Тахир Тақабаев.

Бірақ ол кейінірек жазбасында әуе компания өкілдерінің онымен байланысқа шыққанын жазды. "Олар ертең немесе арғы күні компания көлігінің денені отанына жеткізететіндерін айтты", - деп жазған Тахир Тақабаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 шілдеде Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза болған еді. "2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында "Казавиа" әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы құлады. Жаркенттен 10 шақырым жерде. 2 адам қаза болды. Авиахимиялық жұмыстар жүргiзіліп жатқан. Тергеу басталды", - деп хабарлаған болатын Азаматтық авиация комитетіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети